Дипломатиялық дүрдараздық. Мәскеу Бакуде “үйсіз” қалғанын "түсінбей қалды"

1947
Adyrna.kz Telegram
Фото: media.az
Фото: media.az

Ресей Бакудегі «Орыс үйі» өкілдігін жабу туралы Әзербайжан билігінің шешіміне өкінетінін және мәселе екіжақты келіссөздер арқылы шешіледі деп үміттенетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

«Біз бұл жағдайға өкінеміз және оны түсінбестік деп санаймыз. Бұл мәселе екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастар аясында шешімін табады деп сенеміз», – деді Песков.

Оның айтуынша, Ресей «Орыс үйінің» жұмысы туралы мәселені жоғары деңгейде, мемлекет басшылары арасындағы диалог аясында көтеруге дайын.

2024 жылдың ақпан айының басында Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Ресейге «Орыс үйі» өкілдігін жабу туралы нота жолдаған болатын. Баку бұл ұйымды «заңды түрде тіркелмеген» және «заң бұзушылықтарға жол берген» деп айыптады.

Ал «Россотрудничество» басшысы Евгений Примаков бұл талап «Орыс үйінің» Әзербайжан заңнамасына сәйкес тіркелмеуімен байланысты екенін айтты. Оның айтуынша, Баку бұл мәселені реттеуге көмектесуден бас тартқан.

Примаков бұл жағдайды 2024 жылдың соңында Ақтауда орын алған «Әзербайжан әуе жолдары» (AZAL) ұшағының апатымен байланыстырды. Сол кезде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшаққа сыртқы радиоэлектрондық шабуыл жасалғанын айтып, Ресейден өтемақы талап еткен.

Ресей сыртқы істер министрлігі Бакудегі «Орыс үйі» қызметіне қатысты айыптауларды негізсіз деп атады. Министрлік Әзербайжанның Мәскеудегі елшісі Рахман Мустафаевты шақырып, мәселе бойынша түсініктеме сұрағанын хабарлады.

Айта кетейік, Әзербайжан AZAL ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресейге қарсы халықаралық сотқа шағымдану үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны туралы жазған едік.

Бұған дейін халықаралық сараптама барысында Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтан «Панцирь-С» зымыранының бөлшегі табылғаны туралы БАҚ-та хабарланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер