Мемлекет Ұлттық қордан бекітілген үш жылдық бюджет циклына сәйкес бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков биылға кепілдендірілген және нысаналы трансферттер мөлшері бекітіліп қойғанын айтты. Оған сәйкес, кепілдендірілген трансферт 2 трлн теңге, нысаналы трансферт мөлшері 3,1 трлн теңге болады.
2026-2028 жылдарға арналған бюджет кодексінде келесі трансферттер қабылданады.
"Егер мемлекет басшысы қол қойған жағдайда (бюджет кодексіне) былай болады: қазір кепілдендірілген трансферттің мөлшерінің шегі бар болса, нысаналы трансферттікі жоқ. Егер шек қойылса, одан жоғары соманы біз ұлттық қордан ала алмаймыз", – деді Дәурен Темірбеков.Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қарашаның нәтижесі бойынша жалпы халықаралық резервтер 105 млрд долларды құрағанын хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық қор бюджетті қаржыландыру үшін «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын 467,4 млрд теңгеге сатып алмақ