"Қанша ақша үнемдейтінін байқап көрейік". Мәулен Әшімбаев бюджетті талқылады

1183
Adyrna.kz Telegram
Фото: senate.parlam.kz
Фото: senate.parlam.kz

Сенат депутаттары Бюджет кодексін талқылады. Отырыс барысында Мәулеш Әшімбаев бюджет қаржысын үнемдеуге қатысты АҚШ-ты мысалға келтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төраға Әшімбаев:

"Қазір көбіміз Америкада не болып жатқанын, жаңа әкімшілік қандай шаралар қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Олар Илон Маск басқаратын жаңа министрлік құрды. Үкіметтің тиімділігін арттыру жөніндегі министрлік деп аталады. Қазір осы министрлік бюджетті қысқарту мәселесімен айналысып жатыр. Әр мемлекеттік органға талдау жасап, тиімсіз деп санаған дүниелерді алып тастады. Олар қанша ақша үнемдейтінін байқап көрейік. Әрине, бізге ешкімнен ештеңе көшірудің қажеті жоқ. Бірақ шығыстарды тиімді жұмсау мәселесіне біз де назар аударуымыз қажет" - деді ол.

Сенат спикері бюджет ережелері мемлекеттік бюджетті тиімді реттеу үшін жеткіліксіз екенін атап өткен.

"Осыған байланысты бірінші мәселе – қабылдаған ережелерімізді орындау. Екінші мәселе - өмір әлдеқайда кең және бюджет процесі әлдеқайда күрделі, ол, бәлкім, тек екі ереже арқылы реттелмейді. Ал тиімді емес шығындарды болдырмау, рационалды емес шығындарды болдырмау ережесі қайда? Қазір қоғамда ҚҚС туралы пікірталас жүріп жатыр, үкіметтің аргументтерін түсінеміз. Бірақ қазіргі шығындарды дұрыс бөлу және кейбірін қысқарту маңызд", – деді Әшімбаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер