Тегеранның жаңа стратегиясы. АҚШ-қа қарсы арандатушылыққа тыйым салынды

3782
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Иран өзіне қарасты топтарға АҚШ пен оның одақтастарына қарсы арандатушылық әрекеттер жасамауды бұйырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы media.az-ға сілтеме жасап.

Бұл қадам  Дональд Трамптың қайтадан АҚШ президенті болып сайлануынан кейін қауіптерден сақтануымен байланысты.

The Telegraph басылымының мәліметінше, Иранның Жоғарғы көшбасшысы Хаменей Тегеранда екі судьяны жерлеу рәсіміне бронежилетпен қатысқан. Бұл оның өміріне қастандық жасалуы мүмкін деген алаңдаушылықтан туындаған.

Ирак пен Йемендегі проирандық күштерге АҚШ нысандарына шабуыл жасамау туралы нұсқау берілген. Егер шабуыл жасалса, Иран қаруын қолдануға қатаң тыйым салынғаны ескертілген.

Сондай-ақ, Иран президенті Пезешкиан 17 қаңтарда Владимир Путинмен кездесуде Ресейден әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізуді сұрағаны белгілі болды.

Пікірлер