Қарағанды облысының Саран қаласында ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол дүкен сатушысын пышақтап өлтірді деген күдіккке ілінген.
Оқиға 22 қаңтар күні болған. Саран қаласында белгісіз біреу азық-түлік дүкенінің сатушысына пышақпен шабуыл жасаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. 50 жастағы ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда", – делінген Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәлімдемесінде
Полицияның мәліметінше, ер адам дүкенді тонамақ болған.
"Күдіктінің ауыр қылмыс жасауына ақша түрткі болғаны анықталды. Ер адам күш қолданып, пышақпен қорқытып, дүкеннің кассасын тартып алмақ болған. Алайда сатушы қарсылық танытып, сол кезде пышақ жарақатын алған. Қылмыс қаруы – пышақ тәркіленді", – делінген хабарламада.