Сарыөзектегі сарбаз өлімі. Құрлық әскерлері қолбасшылығы жағдайға пікір білдірді

1286
Adyrna.kz Telegram
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Еліміздің құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысындағы әскери бөлімде қаза тапқан жас сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ведомство 14 Қаңтарда Сарыөзек гарнизонында жауынгерлік даярлық бойынша далалық оқу-жаттығу сабақтары барысында мерзімді қызметтегі қатардағы әскери қызметкердің қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу нәтижесінде өлімге әкелетін жарақатын алғанын растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Қызметте бұл сарбазға оң баға берілген. Бөлім қолбасшылығында оған қатысты арыз-шағым болмағаны атап өтілді. Қызметтік міндеттерін де толық орындаған.

"Ата-анасының орны толмас қайғысын түсінеміз. Әр командир үшін де скери қызметкердің қазасы қайғылы жағдай. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деп толықтырды қолбасшы.

Еске сала кетейік, бұдан алдын Жетісу облысындағы Сарыөзек әскери бөлімде сарбаздың қаза тапқанын хабарладық. Деректерге сүйенсек, оның жүрегіне оқ тиген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер