Әскердегі өлім. Сарыөзекте 18 жастағы сарбаз қаза тапты
Әскердегі өлім. Сарыөзекте 18 жастағы сарбаз қаза тапты
16.01.2025
2587
Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні болғаны анықталды. Сарбаздың 18 жаста болған.
«2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады 24kz арнасы.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.