Екібастұзда балабақша тәрбиешісінің көмекшісі 2 жасар сәбиді көрпемен тұншықтырғаны анықталған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оның әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Тәрбиешінің көмекшісі өз әрекетін балаға зәбір көрсету мақсатында емес, керісінше, оны ұйықтатуға тырысқанын айтқан.
Балабақшада 15 жылдан аса жұмыс істеген ол уақытша жұмыстан шеттетілді. Оқиға бойынша тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Радикалдар балабақша мен мектептегі балаларымыздың да миын улауға мықтап кіріскен. Депутаттар дін жайын сөз етті