Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ернұр Бураханның төрт жоғары білімі бар. Әр жылдары облыс әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Aqtobe» аймақтық телекомпаниясының бас директоры және «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында жұмыс істеген.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.