Қазақ эстрадасының танымал әншісі, ақын және композитор Роза Әлқожаның тұңғыш немересі дүниеге келді. Өнер иесі қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қайырлы күн! Әже боп ояндым, шүкір! 3-перзентхананың барлық қызметкеріне рақмет! Ақ халатты аяулы жандарға алғыс!»—деді ол.
Айта кетейік, әртістің тұңғышы Бейбарыс Қаба былтыр шаңырақ көтерген еді.