Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметін атқарған еді. Ол өңір басшысы болып 2022 жылғы тамызда тағайындалған болатын.