Қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы ерекше шабыт береді — Қарин

1456
Adyrna.kz Telegram

Қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді . Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөздерінде еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу қажеттігі туралы үнемі айтып жүр.

«Елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесі біртіндеп артып келеді. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп жатыр. Өндіріс озаттары мен еңбек династияларының өкілдеріне тұрақты түрде мемлекеттік наградалар беріледі. Кәсіби мерекелер кеңінен аталып өтілетін болды.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қойды. Енді мемлекеттік наградалар жүйесіне (бұрыннан бар 6 құрметті атаққа) 9 жаңа құрметті атақ енгізілді. Атап айтқанда, ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілерге және құрылысшыларға, кеншілер мен шахтерлерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне берілетін құрметті атақтар қосылды.

Қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді және еңбек адамының беделін одан әрі көтеруге септігін тигізеді. Бұл заңға Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған жаңа 2025 жылдың қарсаңында қол қойылуының символдық мәні бар»,—деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер