Саясаттағыдай сайлау. Наурызбай қажы бас мүфти болып қала берді

1547
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚМДБ
Фото: ҚМДБ

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти болып Наурызбай қажы Тағанұлы қайта сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсеткен.

«Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300-ге жуық делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына қайта сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Мәселен, алдағы 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқаруға баршаңызды шақырамын» деді.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына екінші рет сайланып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер