Саяси эмиграция көсемі, Ұлы Түркістан лидері

315
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Бүгін қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы Мұстафа Шоқайдың дүниеге келген күні.

Түркі әлемі көсемінің туғанына биыл 135 жыл толып отыр. Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сыр бойындағы Наршоқы деген жерде дүниеге келген.

Петербор университетінде заң факультетін бітіріп, саяси қызметке араласқан. 1917 жылы Қоқанда құрылған Түркістан автономиясының төрағасы болып сайланды. Кеңес билігінің қысымына ұшырап, 21 жыл бойы Еуропада эмиграцияда жүреді. Францияда тұрып, «Яш Түркістан» журналын шығарды. Сонымен қатар, түрлі басылымдарда саяси мақалалары басылды. Германия, Англия, Франция секілді ірі елдердің саяси мінберінен сөз сөйлеп, түркі халқының кеңестік кертартпа саясаттан кесапат көріп отырғанын ашына айтты.

Бүгінде Мұстафа Шоқайдың еңбектерінің біразы Франциядағы кітапханада сақтаулы.

Мұстафа Шоқай 1941 жылы Берлиндегі Виктория ауруханасына ауыр хәлде жеткізілді. Сол жылдың 27 желтоқсанында ешкімге түсініксіз, жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Мұстафа Шоқай Түркі халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі үшін күресті. Оның өмірі ұлт мүддесі жолында қажымай қызмет етудің үлгісі болды.

Пікірлер