Трамп Панама каналын АҚШ-қа қайтаруға уәде берді

221
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Панама каналына бақылауды қайтару жоспары туралы әлеуметтік желілерде жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Дональд Трамп Панама каналын АҚШ-тың ұлттық мүдделері үшін өте маңызды деп атады. Оның айтуынша, каналдың қауіпсіздігі АҚШ-тың саудасы мен Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейінгі әскери-теңіз күштерінің жылдам әрекет етуі үшін шешуші рөл атқарады.

"АҚШ Панама каналын ең көп пайдаланатын ел болып табылады. Транзиттердің 70 пайыздан астамы АҚШ порттарына  сол порттардан өтеді. Заманауи әлемнің ғажайыптарының бірі болып саналатын Панама каналы 110 жыл бұрын ашылған және оны салу кезінде АҚШ адам өмірі мен материалдық шығындар тұрғысынан үлкен шығынға ұшырады – құрылыс кезінде джунглидегі жұқпалы масалардан 38 000 америкалық қайтыс болды. Каналды салу кезінде АҚШ президенті болған Теодор Рузвельт теңіз күштері мен сауданың қуатын жақсы түсінді", – деп жазды Трамп Truth Social парақшасында.

Трамп бұрынғы президент Джимми Картерді каналды бір доллар үшін Панамаға беріп, оның басқаруын Қытайға қалдырды деп айыптады.

"Сол сияқты, Панамаға АҚШ-қа, оның Әскери-теңіз күштеріне және елімізде бизнес жүргізіп жатқан корпорацияларға өту үшін шамадан тыс бағалар мен төлемдер қою құқығы берілмеуі керек еді. Панама қойған төлемдер күлкілі, әсіресе АҚШ-тың Панамаға көрсеткен ерекше жомарттығын ескерсек. Мұндай әділетсіздік пен ақылға сыйымсыз әрекеттер тоқтатылуы керек", – деді Трамп.

Трамп Панама арнасын АҚШ-қа "толығымен және еш сұрақсыз" қайтару керектігін және Панаманың ресми тұлғаларын осы бағытта қадамдар жасауға шақырды.

Пікірлер