Украина күштері алғаш рет тек жердегі көліктер мен басқарылатын ұшқышсыз аппараттарды пайдаланып шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Интерфакс-қа сілтеп.
20 желтоқсанда Американың соғыс зерттеу институты Украина күштері алғаш рет тек роботтандырылған жүйелерді пайдаланып, шабуыл жасағанын хабарлады.
"Харьков бағытында әрекет ететін украиналық бригаданың өкілі 20 желтоқсанда Украина күштері алғаш рет тек жердегі ұшқышсыз көліктерді пайдаланып, Липцы маңындағы (Харьковтың солтүстігі) шабуылын сәтті өткізгенін мәлімдеді. Шабуыл барысында белгісіз ресейлік позициялар жойылған. Өкілдің айтуынша, Украина күштері ондаған пулеметпен жабдықталған UGV-ларды пайдаланып, позицияларды миналау және минадан тазалау жұмыстарын да атқарған", – делінген хабарламада.
Бұл операция Украинаның соғыс техникасын инновациялық түрде қолданудағы жаңа қадамдары ретінде сипатталуда.