"Ескі үлгідегі банкноттар қабылданбай жатыр". Ұлттық банк не дейді?

1470
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ұлттық Банк
Фото: Ұлттық Банк

Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ долларының ескі үлгідегі банкноттары айырбастауда туындаған мәселелерге жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

1996-2013 жылдары шығарылған доллар банкноттарын екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктерінің қабылдамауына қатысты азаматтар шағымдануда. Ұлттық банк бұл банкноттардың заңды төлем құралы екенін айтты. Сондай-ақ, олардың түпнұсқалығы расталса, бүлінбеген болса, Қазақстан аумағындағы айырбастау пунктерінде еш комиссиясыз қабылдануы тиіс екенін ескертті.

«Банкноттар зақымдалмаған және айналымға жарамды деп танылса, Қазақстан Республикасының заңнамасы шетел валютасының банкноттарын айырбастауда комиссия алуды көздемейді. Тек төлемге жарамсыз немесе айналымға жарамсыз банкноттарды қабылдаған жағдайда ғана комиссия алынуы мүмкін», – делінген мәлімдемеде.

Азаматтар Ұлттық банктің жергілікті филиалдарына бірнеше факт бойынша шағымдана алады. Нақтырақ, айырбастау пункті комиссия алса немесе банкноттардың шыққан жылына байланысты айырмашылық енгізсе, сондай-ақ валютаны негізсіз айырбастаудан бас тартса Ұлттық банкке шағымлана алады.

«Шағымда айырбастау пунктінің орналасқан жері мен мәселе бойынша толық ақпаратты, сондай-ақ бар құжаттарды қоса тіркеу ұсынылады. Ұлттық банк бұл деректерді заң аясында тиісті шаралар қабылдау үшін қарастырады», — делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер