Қазақстандық шығыстанушы Иранның Фараби сыйлығына ие болды

6906
Adyrna.kz Telegram
Фото: iccalmaty
Фото: iccalmaty

Қазақстандық шығыстанушы ғалым Ғалия Қамбарбекова Ирандағы халықаралық Фараби сыйлығын иеленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Иранның Қазақстандағы мәдени орталығы хабарлама таратқан.

Марапатты 17 желтоқсанда Тегеранда Иран Ислам республикасының президенті Масуд Пезешкиан салтанатты түрде табыстады.

Айта кетерлігі, әлемнің жетекші ғалымдары арасынан бұл сыйлық тек Түркия, Америка және Қазақстан елдерінің өкілдеріне бұйырды.

Ғалия Қамбарбекова бұл күндері "Болашақ" бағдарламасы бойынша Францияда, Сорбонна университетінің Шығыстану орталығында тағылымдамадан өтуде.

Иранның ғылым, зерттеу және технологиялар министрлігі жыл сайын Ислам гуманитарлық ғылымдарының дамуына бағытталған Фараби халықаралық байқауын өткізеді.

Сыйлықтың мақсаты теориялық және қолданбалы салаларда нақтыланған, гуманитарлық ғылымдар саласында жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының  қолдауын алуға мүмкіндік беру.

Иранның екі халықаралық сыйлығы бар. Біріншісі - гуманитарлық ғылымдар саласындағы Фараби халықаралық сыйлығы. Екіншісі - гуманитарлық емес ғылымдар саласындағы Хорезми халықаралық сыйлығы.

Биыл қазақстандық екі ғалым осы беделді сыйлыққа кандидат атанған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер