Шерзаттың қазасынан кейін. Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

533
Adyrna.kz Telegram

15 желтоқсан күні Талғар қаласында әкім сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, дауыс беруге 12 875 сайлаушы қатысқан.

«Арыстанбек Әбілқайырұлы үшін сайлаушылардың 9071 дауысы берілді. Ал Жәнібек Кәденов 1 875, Әлібек Рамазанов 1 140 дауыс жинады. 182 сайлаушы барлығына қарсы дауыс берді»,— делінген хабарламада.

Арыстанбек Әбілқайырұлы 1983 жылы дүниеге келген. «Талғар Тұрғын үй» ЖШС директоры, Талғар қаласының тұрғыны. Ол Amanat партиясының атынан ұсынылған болатын.

Еске салайық, қаланың бұрынғы басшысы Бақыт Күрішбеков 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған еді.

Бұған дейін қала бойынша әкімдікке 9 үміткер тіркелген болатын. Алайда олардың екеуі талапқа сай келмесе, қалған төртеуі кейін өз кандидатурасын алып тастады.

Пікірлер