15 желтоқсан күні түнде Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан.
«15 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 23:23-те жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр координаттары: 44,00 градус солтүстік ендік, 76,910 градус шығыс бойлық»,—делінген хабарламада.
Жер сілкінісі қуаты Қонаев қаласында 3 балл, Алатау қаласында 2 балл шамасында сезілді. Зардап шеккендер жоқ.