Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Бөрлі ауданының Қарашығанақ және Успен ауылдарының тұрғындары орталық сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялаудың арқасында сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жұмыстар 6 айға созылды.
Успен ауылында бүгінде 300 адам тұрады. ауылының тұрғындары орталықтандырылған су құбырын көптен күтті. Су құбыры тартылғанға дейін тұрғындар ауыз суды ауыл көшелерінің бойында орнатылған су бағандарынан таситын. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған қайта құру жобасына барлық аулаларды орталықтандырылған су құбырына міндетті түрде қосу тармағы енгізіліп, тұрғындар таза суға қол жеткізді. Салынған желілердің жалпы ұзындығы 10,2 шақырым, жаңа мұнара мен резервуарлар орнатылды. Қайта құру жұмыстарын жүргізген мердігер «Қалдағайты» ЖШС болды. Шарт бойынша жобаның құны 567,1 млн теңгені құрады.
Қарашығанақ ауылы Подстепное-Теректі-РФ шекарасы тас жолының жанында орналасқан. Мұнда 163 адам тұрады. Ауылда ешқашан орталық сумен жабдықтау жүйесі болмаған, тұрғындар ауладағы құдықтарын пайдаланып келді. Мереке қарсаңында әр аулаға орталықтандырылған су құбыры желілеріне қосылды. Жалпы ұзындығы 6,3 шақырымды құрайтын жоба облыстық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылып, «АйТемір-Құрылыс» ЖШС жүзеге асырды, құны - 329,5 млн теңге.
Екі жобаның іске асырылуын авторлық қадағалауды «Stroyconsalting» ЖШС, техникалық қадағалауды – «Ақтаустройэксперт» ЖШС жүзеге асырды.
Нысандарды тапсыру рәсіміне Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Нұрмақов, облыстық мәслихат депутаттары Ануар Агаев, Жасталап Курманкулов, аудандық мәслихат төрағасы Қайрат Ермекбаев және ауыл тұрғындары қатысты.