"Тапшылық 3,534 триллион теңге болуы мүмкін". Президент келер жылға арналған ел бюджетіне қол қойды

187
Adyrna.kz Telegram
Akorda.kz
Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған ел бюджетіне қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақорда мәліметінше:

“Мемлекет басшысы "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Одан бөлек, республикалық бюджетте 2024-2026 жылдарға арналған бюджет тапшылығы 3,534 триллион теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызына тең болады деп жоспарланғаны айтылды.

Пікірлер