10 мың адамдық ғибадатхана. Назарбаевтың резиденциясының орнына мешіт салынбақ

1440
Adyrna.kz Telegram
Фото: mapio.net
Фото: mapio.net

Ақтауда бұрынғы резиденцияның орнына стадион, үлкен мешіт және балалар алаңы салынады. Бұл туралы Lada басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, бұл жөнінде Маңғыстау облысы Нұрдәулет Қилыбаев мәлімдеме жасаған. Аймақ басшысының айтуынша, бұл жер телімінің ауданы – 225 гектар. Ол жерге он мың адамға арналған стадион, мешіт, балалар алаңын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жағалауда шағын және орта бизнестің дамуын көздейтін нысандар да бой көтермек.

«Аймақ қаланың бас жоспарына кіргізілді. Мемлекеттік сараптамаға дайындық және келісу кезеңі жүріп жатыр. «Самал» ықшам ауданында орналасқан жер телімі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне өтті. Бұрын бұл аумақтың құны бір миллиард теңге деп бағаланған», – деді облыс әкімі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер