Әлеуметтік желілерде Алматы-Бішкек бағытындағы жолда пышақпен жүк көлігіне зақым келтірген азаматтың видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бейнежазбадан көлік жүргізушілерінің арасында келіспеушілік болғанын байқауға болады. Ашуланған жеңіл көліктің иесі пышақпен жүк көлігінің доңғалағын зақымдауға әрекеттенеді.
Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді.
Олардың айтуынша, 38 жастағы ер адамның кім екені анықталып, бөлімшеге жеткізілген.
"Қазіргі уақытта құқық бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды"- деп жазды Алматы облысының полициясы.