Шерзаттың әкесі мен әпкесі қамауға алынды

283
Adyrna.kz Telegram

Шерзаттың әкесі мен әпкесі әкімшілік сот шешімімен 15 күнге қамалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Шерзаттың отбасының адвокаттары айтты.

Оларға митинге шақырды деген айып тағылған. Қаржаубайдың қарындасы Бақыт ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа 20 АЕК айыппұл салынды. Жездесі Айғазыға байланысты сот бүгін таңертең өтті.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсан күні Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Деректерге, сүйенсек ол өзіне қол жұмсаған. Нұрқанаттың жерлеу рәсімі кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды деп Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстаған еді. Кейіннен оның аудандық ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Пікірлер