Полиция Талғарда 8 желтоқсан күні мүрдесі табылған Нұрғанат Ғайыпбаев өзбекстандық келіншекпен азаматтық некеде бірге тұрып жатқаны жайлы мәлімет таратты,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бандылардың пышақ жарақатынан қайтыс болған Шерзат Полаттың немере ағасы Нұрғанат Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында жұмыс істеген. Жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеген Ғайыпбаев соңғы кездері жұмыссыз жүрген. Талғар трагедиясынан кейін бос жүрген ол бейіттің жанына өзінің көлігімен барған.
Полиция мен жедел жәрдем оқиға орнына жеткенде Нұрғанат жерде арқасымен жатқан. Ал оның жанында кабель тұрған. Марқұмның мүрдесін полициядан туыстары тапқан.
"Ол Белбұлақ ауылындағы"Тенгри Парк" коттедж қалашығында тұрған. Әйелі Дильфуза есімді Өзбекстан азаматшасы. Балалары жоқ, қазіргі сәтте жұмыссыз. Бұрын Еңбекшіқазақ аудандық жедел жәрдем қызметінде фельдшер болған", - делінген полицияның сипаттамасында.
Полицияның соңғы өлім кезінде марқұмның жеке мәліметтерін таратуы қоғам назарын аудартып отыр. Бұдан алдын полиция Нұрғанаттың соңғы хабарламасы болуы мүмкін деректерді таратқан.
Еске салайық, 8 желтоқсан күні Шерзаттың 30 жастағы немере ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өлі табылды. Ол 4 қазан күні Талғарда орын алған трагедияның куәгері, төбелестің бел ортасында болған. Інісін пышақтаған бандалық топтың аяусыз әрекеттерін көзімен көрген және өзі де жарақат алған.