Президент кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі Уәли Құрманғалиев 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарлы белгілі журналист Төлен Төлеубай жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Берік Уәли бауырымыздың асқар тауы құлапты. Уәли ақсақалды Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыз, Беке!»—деді ол.
«Адырна» ұлттық порталының ұжымы марқұмның жақындары мен ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтады.