Димаш Құдайберген төртінші рет «Жылдың ең үздік мәдениет қайраткері» атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі dimashnews.com-ға сілтеме жасап.
«Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық премия өздерінің қорытындысын шығарды. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды»,—делінген хабарламада.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.