«Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті

927
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздік күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. «Төрлет, еңбек адамы» тақырыбындағы дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналды.

Айтыс демалыс күндері Астана қаласында өтті.

Өнер аламанының ашылуында Аманат партиясының төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйлеп, еңбек адамдарының қоғамдағы рөліне және руханияттың, мәдениет саласын дамытудың маңызына баса мән беретініне тоқталды.

Ерлан Қошанов жылдың жыр жарысына арнайы келген жалпыжұрттық құрметке ие қадірлі қаламгер-қайраткер, айтыстың асқар тау әкесі ЖүрсінЕрманға да тілегін жеткізді. Партия төрағасы қайратты ақынға қыран тағдырын тілеп, қошемет білдірді.

Пікірлер