Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 4 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 17:07-де «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
«Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 3,6 болған жер сілкінісінің эпицентрі Балықшы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде орналасқан.