ForteBank Павлодардағы қазақстандық зауытты роботтандыруға көмектесті

298
Adyrna.kz Telegram

ForteBank ұзақ жылдар бойы республиканың әртүрлі аймағындағы ірі бизнес пен ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетіп келеді. Олардың қатарында банк павлодарлық «СНН» отандық кәсіпорны бар. Компания банк және «Даму» қорының қолдауымен инновациялық өндірісті іске қосты.

1998 жылы құрылған кәсіпорын құю өндірісі мен аккумуляторларды механикалық өңдеуге маманданған.

ForteBank компанияға биметалдық жылыту радиаторларын шығаратын неміс Frech технологиялық желісін сатып алу несие берді.

«Компаниямыз бизнесті дамытуды қаржыландыру мақсатында ForteBank-ке жүгінді. Банк пен «Даму» қорының қолдауымен біз Германиядан қымбат инновациялық құрал-жабдықтарды сатып алып, жылу радиаторларының толыққанды өндірісін іске қостық.  Бұл — жоғары қысымды бүрку машинасы. Құрылғы роботтандырылған болғандықтан, адамның еңбекке тартылуы барынша азаяды. Нәтижесінде біздің өндірістің мүмкіндіктері мен тиімділігі бірнеше есе өсіп отыр. Қазіргі таңда елімізде біздің өнімге деген сұраныс артып келеді. ForteBank-ке жедел және уақтылы қолдау, жақсы қызмет көрсеткені үшін алғыс айтамыз»,—дейді компания директоры Андрей Москаленко.

Бүгінде биметалдық жылыту радиаторларын шығару жобасы іске қосылды. Германиядан алынған роботты қондырғы жылына 250-300 мың секция немесе күніне 700-ден астам секция жинай алады. Бірақ бұл жабдықтың қуаты әлдеқайда жоғары. Оның үстіне бұл машинаны басқаруға небәрі екі адам қажет. Яғни, құрылғымен машинаны іске қосу және пешке металды тиеу операторы мен пештен дайын бөлшектерді түсіретін оператор жұмыс істейді.

Андрей Москаленконың айтуынша, қазіргі таңда кәсіпорын айына шамамен 25-30 мың секция шығарады. Сондай-ақ компания ForteBank көмегімен өнімдерді бояу және өңдеуге арналған автоматты желіні сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл жылына 1,5 миллион дана алюминий радиаторларын шығаруға мүмкіндік береді.

Нарықтағы 26 жыл ішінде компания бизнес серіктестері мен клиенттері арасында жоғары беделге ие болып, өнім ассортиментін кеңейтті. Кәсіпорын директоры өндірісте қолданылатын материалдар мен шығарылатын өнімдердің сапасын мұқият қадағалайтын мамандар тобы жұмыс істейтінін атап өтті.

«ForteBank «Даму» қорымен бірлесіп, несие бағдарламаларын, сондай-ақ өз бағдарламаларын да ұсынады. Қазақстандық бизнесті қолдау ел экономикасына, соның ішінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, аймақтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, жаңа әрі инновациялық өндірістердің іске қосылуына оң әсер етеді. Бұл сондай-ақ жергілікті кәсіпорынның жаңа нарықтарға шығуына, жаңа тауашаларды игеруіне және  «СНН» зауыты сияқты өз өндірісін роботтандыруға үлкен серпін береді. Бизнесмендермен үлкен тәжірибеге ие бола отырып, біз олардың қажеттіліктеріне қарай жеке көзқарас пен өз шешімдерімізді ұсына аламыз»,— деп атап өтті «ForteBank» АҚ шағын және орта бизнес бағытының басшысы Ғани Мақсұт.

Пікірлер