Маңғыстау облысында жер сілкінді

672
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

Бүгін, 2 желтоқсанда Маңғыстау облысында магнитудасы 4,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

volcanodiscovery.com мәліметінше, жер сілкінісі сағат 14:48-де Ақтаудан 79 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпуін Түпқараған ауданы мен Шетпе ауылының тұрғындары сезген.

Еске салайық, өткен жылдың сәуір айында Маңғыстауда магнитудасы 4,7 баллды құрайтын жер сілкінісі болған еді.

Пікірлер