Министрлік «Дружба» құбырынан шыққан ақауға қатысты түсініктеме берді

579
Adyrna.kz Telegram
Сурет: stock-maks.com
Сурет: stock-maks.com

Польшада қазақстандық мұнай өтетін «Достық» құбырынан ақау шықты. Энергетика министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, 1 желтоқсанда Пневы қаласы маңында «Дружба» жүйесі құбырының батыс бөлігінде Шведт мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін мұнайдың төгілуі анықталған.

«Зақымдалған желі бойынша мұнай тасымалдау тоқтатылды. Мұнай жеткізу екінші желі арқылы жалғасты. Екінші желінің техникалық мүмкіндіктері мұнай айдауды толық көлемде қамтамасыз етеді. 2024 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша осы бағытта қазақстандық мұнайды жеткізу кестеге сәйкес толық орындалды»,—деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда желтоқсан айына жоспарланған мұнай жеткізу 20-30 желтоқсан аралығында жүзеге асады деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін«Дружба» құбырында ақау шыққаны туралы жазған едік.

Қазақстандық мұнай экспорты дәстүрлі түрде Ресей аумағы арқылы Каспий құбыр консорциумының Новороссийскіге дейінгі құбыр жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Ресей мен Польша арқылы Германияға мұнай жеткізу 2023 жылдың ақпан айының соңында басталды.

Пікірлер