Қарағандыда есірткі дайындайтын зертхана анықталды

708
Adyrna.kz Telegram
Сурет: polisia.kz
Сурет: polisia.kz

Қарағанды қаласында полицейлер арнайы операция барысында ірі есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы бүгін, 2 желтоқсанда Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«39 жастағы қала тұрғынын ұсталды. Үйді тінту кезінде 1 тоннадан астам прекурсор және 10 келіден астам дайын есірткі «альфа-PVP» тәркіленді. Сондай-ақ есірткі жасауға арналған жабдықтар табылды»,—делінген хабарламада.

Бұл операцияның нәтижесінде 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің сатылуына тосқауыл қойылды.

Қылмыстық іс бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікірлер