"16 сағат тұрдым". Қазақстан-Ресей шекарасындағы кептеліс

649
Adyrna.kz Telegram
Фото: Азаттық радиосы
Фото: Азаттық радиосы

Батыс Қазақстан облысында жүк көліктерінің жүргізушілері Қазақстан-Ресей шекарасындағы үлкен кептеліске  шағымданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Жүк көлігінің жүргізушілерінің айтуынша, шекарада күту уақыты кейде бір тәуліктен асады.

"Маштаково" бекетіне келіп, 16 сағат тұрдым. Жігіттердің айтуынша, бұл Қазақстан шекарашыларының жұмысына байланысты. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жеткілікті. "Бейтарап аймақ" толы. Ресей бекетінен екі сағат бойы шыға алмадым, себебі бейтарап аймақта орын жоқ болды. Қазақстан тарапы Ресей бағытына алты қатар көлік өткізіп, ал "Сырым" бекетіне тек бір қатар ғана жібереді. Сондықтан Қазақстанға қарай кезек пайда болады. Бұл тәртіпсіздік қашан аяқталады?" – деп шағымданды жүргізушілер.

Басылымның мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі кептелістердің себебі Ресейдің "Маштаково" шекара бекетінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстары екенін түсіндірді. Жөндеу жұмыстарын осы жылдың 31 желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Бұған дейін Ресейдің шекара бекетіндегі көлік жолдарын жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған болатын.

Жөндеу жұмыстары кезінде жүргізушілерге  "Ақсай", "Шаған" және "Тасқала" секілді балама бағыттарды пайдалануға кеңес берілді.

Пікірлер