Лифтке мінген мас адам жасөспірімге күш көрсетіп, қылқындырған

880
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Астанада мас тұрғын лифтте жасөспірімге күш көрсетіп, мойнынан қылқындырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі Zhaloby.astana парақшасында ақпарат таратты. Жазбада елорда тұрғыны 15 жастағы ұлын белгісіз мас адамның қорқытқанын айтқан. Оны лифтіден сыртқа шығармай қойған.

"Бұл адам алкогольге, мүмкін есірткіге мас күйде 15 жастағы балама әдепсіз сөздер айтып, оны өлтіремін деп қорқытқан. Содан кейін оны қылқындырмақ болып, лифттен шығармауға әрекет жасаған. Физикалық күш көрсетіп, қолын бұрап, саусағын қайырған", - делінген әйел адам.

Баланың анасының айтуынша, мас адамды полицейлер ұстаған.

"Бұл факті бойынша құқық бұзушы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылады", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, оқиға Астанадағы Сәтбаев көшесі, 31 үйде болғаны анықталды.

Пікірлер