Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті "Яндекс. Такси Корп" ЖШС кеңсесіне тінту жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Бұл туралы Қырғызстанның БАҚ өкілдерінде хабарланды.
ҰҚМК мәліметінше, компания мен оның серіктестері экономика министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметі қабылдаған шараларға қарамастан, такси жүргізушілерінің пайыздық мөлшерлемесін негізсіз көтерген.
Бүгінде министрлік кінәлілерді анықтау және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.