ҚАНАТ АЙТБАЕВ: Көптеген "фильмдерде" мән, мағына, тәрбие, әдеби тіл дегендер атымен жоқ

176
Adyrna.kz Telegram
Елімізде кейінгі кезде жарыққа шыққан кейбір фильмдерді көріп түсінгенім - кино түсіру саласын мемлекет тарапынан лицензиялап, әдеби, идеологиялық тұрғыда нақты бақылау орнату қажет.
Көптеген "фильмдерде" мән, мағына, тәрбие, әдеби тіл дегендер атымен жоқ.
"Режиссерлер" өз өресінің деңгейіндегі - боқтығы араласқан шұбар тілді дүниелерін көрерменге еш кедергісіз ұсынып жатыр.
Өскелең ұрпақ ұлттық құндылықтан сусындап, рухани өркендеудің орнына, азғындыққа жетелейтін не болса соны көріп жүр.
Лас нәрсені күнде көрген адамның жан дүниесі кірлейді, сұлулыққа сүйсіну, әдемілікке, ізгілікке ұмтылу деген қасиеттерден жұрдай болады...
Қоғамда жан дүниесі кірлеген адамдар көбейсе не болатынын бағамдай беріңіз...
Пікірлер