Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дубайда ең беделді жүлдені иеленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
DIAFA жүлдесінің иегері Димаш бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлыққа рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», — деп жазды Димаш.DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) — Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия. Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Біздің ән" атты Қытайдағы музыкалық шоуында "Алтын әуен" сыйлығын жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
“Елімнің ақ пейілінен биік құрмет жоқ”. Димаш бала кезінде “халық әртісі” аталған видеосымен бөлісті (ВИДЕО)
