Тағы таңдай қаққызды. Димаш Құдайберген қытайлық музыкалық шоуда жүлдегер атанды

830
Adyrna.kz Telegram
Фото: Weibo әлеуметтік желісінен
Фото: Weibo әлеуметтік желісінен

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Біздің ән" атты Қытайдағы музыкалық шоуында "Алтын әуен" сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Димаш қытайлық әнші Хуан Сяоюнмен бірге "Red Moon Rules" әнін орындаса, тағы бір қытайлық танымал әнші Гон Линнамен бірге "Become a Poet" әнін шырқады.

Бағдарлама кезінде Димаш тек ән айтып ғана қойған жоқ, қытайлық әншілерге қазақ тілін де үйретті. Ал, қытайлық әншілер Димашқа қытайша ән айтуына көмектескен.

Бағдарлама соңында, Димаштың орындауындағы "Become a Poet" әні алтыншы маусым алтыншы кезеңінің "Алтын әуені" сыйлығын жеңіп алды.

"Біздің ән" музыкалық телешоуының алтыншы маусымы 21 шілдеде көгілдір экраннан көрсетіле бастады. Бұл шоу қытайда көрілімі ең жоғары бағдарламалар қатарына жатады.

Пікірлер