Саяхат кезінде көп ақша құртпай, үнемдегіңіз келе ме? Ендеше демалысқа шыққанда ForteBank-тің Travel картасын қолданыңыз.
Бонустарды демалыс жоспарын құру кезеңінде де, саяхат барысында да алуға болады. Банк «Саяхат» категориясы бойынша 5%-ға дейін бонустар береді. Оған әуе билеттерін немесе туристік турларды сатып алу, қонақүйлерді брондау, автокөлік жалдау және Duty Free-дегі түрлі зат сатып алуға болады.
Travel карталарының пайдаланушылары бонустардың жартысынан көбін дәл осы категориядан алған. Екінші орында мейрамханалар мен кафелерге барғаны үшін және таксимен жүргені үшін алынған бонустар тұр.
Банк жыл басынан бері шамамен 20 мың ForteTravel картасын шығарды. Күн санап оған деген сұраныс өсіп те келеді.
Неліктен клиенттер ForteBank-тің саяхат картасын таңдайды?
Біріншіден, бұл карта арқылы POS-терминалдар мен интернетте жасаған қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы бонустар жинауға болады. Атап айтсақ, екі басым категория бойынша 15%-ға дейін бонустар берілсе, ApplePay/SamsungPay/GooglePay арқылы төлем жасағанда қосымша 0,5% бонус түседі.
Екіншіден, картамен әлемнің кез келген банкоматынан айына 750 мың теңгеге дейін комиссиясыз қолма-қол ақша алуға болады.
Үшіншіден, карта иелеріне саяхатшыларды қуантатын түрлі артықшылық ұсынылады. Олардың қатарында $500,000 сомасына дейінгі сақтандыру, жылына 10 рет бизнес-залдарға кіру мүмкіндігі, тәулік бойы қызмет көрсететін консьерж, Flexiroam жаһандық провайдерінен жылдам интернет роумингі, әуежайда 10 басым тексеруден өту және басқа да саяхатқа арналған бонустар бар.
Төртіншіден, Travel картасы арқылы әлемнің кез келген нүктесінен ForteForex сервисінде валютаны оңай айырбастауға болады. Пайдаланушылар өздеріне тиімді курсты таңдай алады.
Карта бойынша бірінші айда 4 000 теңге абоненттік төлем алынады. Ал екінші айдан бастап ол 2 500 теңгеге төмендейді. Егер тұтынушының депозитте 2 000 000 теңгесі немесе оның эквиваленті долларда болса, я болмаса сатып алу сомасы 200 000 теңгеден асып тұрса, комиссия 0 теңге болады. Ал осы шарттардың бірі алғашқы айда орындалса, банк абоненттік төлемді бір реттік 4 000 бонус ретінде қайтарып береді.
Клиенттер бұл картаны саяхат кезіндегі таптырмас көмекшіге балайды. Бүгінде оның көмегімен саяхатшылар әлемнің 98 елінде төлем жасады. Карта жиі қолданылған елдер арасында БАӘ, Түркия, АҚШ, Италия және Ұлыбритания бар. Сондай-ақ ол Сан-Марино, Лихтенштейн және Чилиде де қолданылған.
Ақшаны үнемдеу және саяхатты барынша жайлы ету үшін мобильді қосымшада немесе банк бөлімшелерінде ForteBank-тен Travel картасын ашыңыз.
ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.29/197/36 лицензиясы.