Назарбаев кезінде айтылған төртінші МӨЗ-дің болғаннан боладысы бар

1232
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aa.com.tr
Сурет: aa.com.tr

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2036 жылы күтілетін жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығына байланысты қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастырып жатырмыз. 2030 жылдан кешіктірмей жобалауды бастасақ, 2032 жылы құрылысына кірісу көзделген»,—деді ол.

Министрдің сөзінше, жаңа МӨЗ салу елдің 2040-2050 жылдар аралығында жанар-жағармай қажеттілігін қамтамасыз етіп, мұнай өнімдерін Орталық, Оңтүстік және оңтүстік-батыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына экспорттау мүмкіндігін ашады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Павлодар, Атырауда және Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауыты бар. Алайда бұл зауыттар қазақстандықтардың сұранысын толық өтей алмай келеді.

Төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі 2015 жылы көтерілген еді. Сол жылдары МӨЗ 2021 жылдың II тоқсанында іске қосылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда жоба жүзеге аспады.

Пікірлер