Қазығұрт: "Туған жер - ұлы бабалар аманаты" республикалық пікірсайыс турнирі өтті

123
Adyrna.kz Telegram

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Туған жер – ұлы бабалар аманаты» атты республикалық пікірсайыс турнирі сәтті өтті.

Турнир мақсаты:
Жастар арасында сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерді дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Ерекше форматта өткен бұл турнир қазақ халқының рухани байлығы мен ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттап, қатысушыларға ерекше шабыт сыйлады. Дәстүрлі киім үлгілері мен ұлттық нақыштағы безендірулер турнирді тарихи мәдени шараға айналдырды.

Турнир нәтижелері:
1 орын – “Ынталы” фракциясы
Жарылқасын Арман, Қуанышбек Бекжан (Алматы облысы) 200,000 теңге

2 орын – “Майлыошақ” фракциясы
Құрманалиев Рахымжан (Алматы облысы), Әзімхан Бекарыс (Шымкент қаласы) 100,000 теңге

3 орын – “Жаңабазар” фракциясы
Махамбет Бегзатхан, Кемелбек Аянат Бағдатқызы (Қызылорда облысы) 70,000 теңге

3 орын - “Амангелді” фракциясы
Тлеумұратов Нұрдәулет
Есенғали Нұрай (Тараз қаласы) 70,000 теңге

Ақсақал лигасы:
🏅 Ең үздік спикер – Смағұл Арайлым (Түркістан облысы) 30,000 теңге
🏅 Үздік спикер – Тоқберген Азамат (Астана) 15,000 теңге

Бозбала лигасы:
🏅 Ең үздік спикер – Әділбай Ратжан (Шымкент қаласы) 20,000 теңге
🏅 Үздік спикер – Жүніс Ынтымақ (Ақмола облысы) 10,000 теңге

🏅Ең үздік төреші - Қалқабай Нұрмұхамет (Шымкент қаласы) 30,000 теңге
🏅Үздік төреші - Тағаев Арынғазы (Сарыағаш ауданы) 15,000 теңге

Турнирге еліміздің 8 өңірінен келген 32 фракция қатысты. Олар туған жер, ел тарихы, ұлт болашағы сияқты өзекті тақырыптарды талқылап, аналитикалық және ораторлық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Бұл бастама жастардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, ұлттық рухты нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық және әлеуметтік өмірге белсенді араласуына ықпал етті.

Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Пікірлер