«Қазақ әйелінің эталоны» Меруерт Қабыкенқызы өмірден өтті

136
Adyrna.kz Telegram

Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, ҚР еңбек сіңірген артисі, қобызшы, ұстаз Меруерт Қабыкенқызы өмірден өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Сәуле Жанпейісова әлеуметтік желі парақшасында жазды.

«Тұлымшағымыз желбіреп өнерге келгелі анамыздай болған асыл жан еді. Апайымыздың өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қаншама шәкірт тәрбиеледі. Меруерт апаймен болған сәулелі күндеріміз жадымызда мәңгі жаңғырып тұрады. Меруерт апай қазақ әйелінің эталоны. Мұндай жан қазақта сирек. Амал нешік?! Алла алдынан жарылқасын!»-деп жазды ол.

Пікірлер