Қарашада қайтқан қаз. Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті

1016
Adyrna.kz Telegram

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды. Бұл туралы оның қызы Құралай Нұрқаділова Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға өмірден өтті. Ол – Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында серігі болған әйел. Саясатта ақылды, білімді және сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Сонымен қатар өте қарапайым және зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады", – деп жазды Құралай Нұрқаділова.

Оның айтуынша, анасы Кеңес Одағы кезіндегі және одан кейінгі елдің жағдайы туралы көп нәрсе айта алатын еді. Көптеген жас саясаткерлер оның қолдауымен алға жылжыған. Ол барлық тарихи оқиғаларды жақсы білетін және оларды өте қызық жеткізе алатын.

"Менің анамның даналығына оны танитын әрбір адам тәнті болатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!", – деді Құралай Нұрқаділова.

Нұрбике Нұрқаділова 79 жасында өмірден өтті.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынап, оны "билікті заңсыз иемденіп, жемқорлық жасады" деп айыптаған саясаткер.

Заманбек Нұрқаділов те  қараша айында өмірден өткен еді. 2005 жылы 12 қарашада өзін-өзі үш рет атты деп хабарланған.

Пікірлер