Солтүстікте бір ауыл ішімдіктен бас тартты

240
Adyrna.kz Telegram
фото: AlmaLife
фото: AlmaLife

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары арақ-шараптан толығымен бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дайындық ауылына 5 жыл бұрын отбасымен көшіп келген Зарина Аюпова ауыл туралы ойын айтты.

«Бұл ауылда арақ мүлдем ішпейді, бос жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істейді, дүкенде алкоголь сатпайды, барлығы өз шаруасымен айналысады. Біздің ауыл тыныш», — дейді ауыл тұрғыны.

Бір кездері құрып кетудің аз-ақ алдында қалған ауыл қазір өңірдегі үлгілі елді мекендердің қатарына енген.

«Үздік 30 ауыл» республикалық жобасында үздіктер қатарынан көрінді. Жергілікті кәсіпкер Біржан Шаймерденов жұмыс орындарын құрып қана қоймай, жұмысшыларына жаңа баспана тұрғызып жатыр.

«Біз мұнда жұмыс істей бастағанда ауылда 28 үй ғана болды, қазір олардың саны 80-нен асып отыр. Халық саны — 315 адам. Біз отбасыларды осында көшуге шақырамыз, жұмыс орнын ұсынамыз, өндірісті арттырамыз», — дейді Біржан Шаймерденов.

Бүгінде ауыл мектебінде 97 оқушы білім алады. Түлектер ауылға қажетті мамандықты меңгеріп, қайтып келіп жатыр.

Пікірлер