Атыраудағы мал базарында өлген сиырдан сібір жарасы анықталды

396
Adyrna.kz Telegram

Атыраудағы төрт түлік сататын бес базардың бірінде өлген сиырдан сібір жарасы анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 12 қарашада базар қызметкері сиырдың өліп жатқанын байқаған. Кейін анықталғандай, бұл мал Батыс Қазақстан облысынан әкелінген.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұркен Баяровтың мәлімдеуінше, базар жабылып, ондағы малдарға толықтай вакцинация жасалып, 14 күн бақылауға алынатын болады. Қала карантинге жабылмайды. Себебі, басқа аймақтарда мұндай ауру тіркелмеген.

Бүгін өлген сиырдан сібір жарасы анықталғаны расталды. Мамандар базардағы барлық мал иелерін тексеруді бастады. Қазіргі уақытта базарда 56 сиыр, 79 қой және 7 жылқы бар. Сонымен қатар, қаладағы басқа мал базарларында да қосымша тексерулер жүргізу жоспарланып отыр.

Пікірлер