Қазақстандықтар картамен төлем жасауды көбейтті

929
Adyrna.kz Telegram

Соңғы жылдары қазақстандық кәсіпорындар өз қызметіне цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатыр, бұл олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін едәуір жақсартады. Электрондық төлемдер, қаражат аударуға арналған мобильді қосымшалар және онлайн-банкинг бизнестің ажырамас бөлігіне айналуда.

Жыл өткен сайын ҚР-да қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға қабілетті кәсіпорындар санының қарқынды өсуі байқалады. Мәселен, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мұндай кәсіпорындардың саны бір жылда 26,9%-ға, 967,6 мыңға дейін ұлғайды. Бұл ретте осы кәсіпорындардың сауда орындарының саны 22,7%-ға, яғни 1,1 млн дейін өсті. Бұл кәсіпорындардың төлемдер мен қаржыға байланысты цифрлық технологияларға сұранысының артуының тікелей көрсеткіші.

Қолма-қол ақшасыз төлем қабылдайтын кәсіпорындар саны республика бойынша орташа көрсеткіштер сияқты еліміздің барлық өңірлерінде жоғары қарқынмен өсіп жатқанын, яғни бұл үлкен қалалардың немесе белгілі бір облыстардың ерекшелігі емес екенін айтып өткен жөн.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер қабылдайтын кәсіпорындар санының өсуінің негізгі себебі еліміздегі банктердің тек жеке тұлғаларға емес, сол сияқты бизнеске бағытталған цифрлық қызметтерінің дамуы болып табылады. Мобильді банкинг қаржыны басқару үшін қолайлы әрі сапалы құралдар мен тағы басқаларын ұсына отырып, қазақстандық компаниялар арасында тез танымал болды.

Банктердің бизнеске арналған мобильді қосымшалары бойынша жеке статистика жоқ, алайда жалпы көрініс халықтың да, заңды тұлғалардың да ЕДБ мобильді қосымшаларын пайдалану деңгейін көрсетеді. Мәселен, 2024 жылдың қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша банктердің онлайн-сервистерін белсенді пайдаланушылардың жалпы саны, соның ішінде бизнеске арналған ЕДБ мобильді қосымшаларын пайдаланушылар санының өсуі есебінен бір жылда 12,4%-ға — 24,8 млн-ға дейін өсті.

Бүгінде еліміздің барлық ірі банктерінде бизнеске арналған мобильді қосымшалар бар және банктер оларды белсенді түрде дамытуда. Елімізде алғашқылардың бірі болып бизнеске арналған банкингті ForteBank дамыта бастады. Қазіргі таңда қаржы институтының ForteBusiness мобильді қосымшасы жұмыс істейді, ол кәсіпкерлердің арасында жоғары сұранысқа ие. Бұл ретте Forte-нің онлайн-банкингін мобильді құрылғыдан қосымша ретінде, сол сияқты компьютердегі десктоп нұсқасын да пайдалануға болады.

ForteBusiness мобильді интернет-банкингі арқылы әралуан қызметтерді алуға және түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға болады, соның ішінде:
• ЖК мен ЖШС үшін онлайн-шот ашу, бірден деректемелерді алып, операцияларды жүргізуді бастау;
• ЖК мен ЖШС тіркеу;
• ЖК мен ЖШС үшін үш минут ішінде 20 млн теңгеге дейін кепілсіз несие алу;
• тікелей қосымшадан цифрлық карта шығару, сондай-ақ картаның нөмірі бойынша (Р2Р) ақша аудару;
• бюджетке төлемдер — әлеуметтік төлемдер, зейнетақы, салық, МӘМС төлемдерін жасау;
• трекингпен шетел валютасында, сондай-ақ өз шоттары арасында әртүрлі валютада төлемдер мен аударымдар жасау;
• жеке айырбастау бағамы бойынша комиссиясыз операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін ForteX қызметін пайдалану;
• көптеген басқа қызметтер.

Жалпы алғанда ЕДБ бизнеске арналған мобильді қосымшаларының көптеген артықшылығы бар. Олардың негізгілерін төмендегі инфографикамызда көрсеттік.

Пікірлер