Шымкентте жылыту маусымы басталғалы 54 мың тұрғынға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліді

459
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында 2024-2025 жылғы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар қарқын алды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде ақпараттық, профилактикалық және техникалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Маусымның басынан бері 54 мыңнан астам адам қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратпен қамтылып, әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді.

Әлеуметтік желілерде 200-ден астам пост жарияланып, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 123 материал жарық көрді, оның ішінде: 37 газет мақаласы, 23 телехабар, 63 радио хабарлама.
Қаланың шағын аудандарында 185 рет дауыс зорайтқышпен түсіндірме хабарламалар жасалды.

* 25 848 тұрғын үй араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
* 68 интерактивті сабақ өткізіліп, 2 000-нан астам оқушы қауіпсіздік негіздерін меңгерді.
* Қоғамдық орындар мен шағын аудандарда 82 жиын ұйымдастырылып, оған 3 мыңға жуық адам қатысты.
Қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен газдандыру жүргізілмеген тұрғын үйлерге ерекше көңіл бөлінді:
* 136 үйге газанықтағыш құрылғылар орнатылды, бұл улы газдың әсерін анықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
* 193 үйдің түтін мұржалары тазаланды, бұл пешті дұрыс қолдану арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шара.

Пікірлер