Абхазия президенті оппозицияның қысымынан кейін отставкаға кетті

154
Adyrna.kz Telegram

Абхазияның президенті Аслан Бжания оппозицияның қысымынан кейін орнын босатуға мәжбүр болды. Сондай-ақ парламентті басып алған оппозициямен келісімге сәйкес, үкімет басшысы да отставкаға кететін болды, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы.

"Елдегі тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті сақтау мақсатында Абхазия Республикасының Конституциясының 63-бабына сәйкес, Абхазия Республикасының президенті қызметінен кету туралы шешім қабылдадым," – деп жазды Бжания өзінің отставка туралы мәлімдемесінде.

Оппозиция көшбасшыларының бірі Адгур Ардзинбаның айтуынша, президент Бжания мен премьер-министр Александр Анквабтың отставкасы туралы шешім билік пен оппозиция арасындағы келіссөздер нәтижесінде қабылданған.

Интерфакс агенттігінің мәліметінше, Президенттің міндетін уақытша вице-президент Бадра Гунба атқарады. Премьер-министрдің міндетін бұрын осы қызметті атқарған Валерий Бганба орындайды.

Бжания қызметінен кетуге сенбі күні, парламент ғимаратын басып алған наразылық білдірушілерден кейін келісті. Абхазия астанасында толқулар бір апта бұрын басталған.

Наразылықтар жаңа инвестициялық келісімнің қабылдануына байланысты шықты. Көптеген тұрғындар ресейлік бизнестің елдегі ықпалының артуы туризмнен түсетін табыстарын азайтады деп алаңдаған.

 

Пікірлер